Ауыл шаруашылығы, конкурсқа ұсынылатын конвертке салынатын құжаттардың тігілуі және реттік саны бойынша нөмірленуі міндетті ме?

Вопрос

 Саламатсызба. Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатына шығарылған конкурсқа ұсынылатын конкурстық ұсынымның яғни конвертке салынатын құжаттардың бір тұтас тігілуі және реттік саны бойынша нөмірленуі міндетті ме? немесе міндетті емес пе?Осы мәселе бойынша түсінік беруіңізді сұраймын.

  • 2583
  • 0
  • 12 августа 2022

Ответы на вопрос (1)

КАРАШУКЕЕВ Е.Ш. Министр сельского хозяйства Республики Казахстан


Сұраққа жауап 04 тамыз 2022 жыл № 749624

Карашукеев Е.Ш. 10.08.2022, 04:52


Сәлеметсіз бе, өтінішіңізге рахмет.

Өтінішіңізде аталғандай, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1-бабының 10-тармағына сәйкес, конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығының 13-тармағына сәйкес, конкурстық ұсынысты, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Егер осы жауаппен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 3-бөлігіне сәйкес, Сіз оны жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдануға құқығыңыз бар.

Комментарии

Чтобы иметь возможность читать и оставлять комменарии, необходимо иметь активную подписку на сайте.